Жалағаш аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 2 бөлігімен, 314 бабының 2 бөлігімен сотталушы Е.-ге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, сотталушы Е. жол полиция бөлімшесінің тіркеу, емтихан қабылдау жұмысы тобының аға мемлекеттік инспекторы қызметін атқару барысында ресми құжаттарға жалған мәліметтерді енгізіп, қызметтік жалғандық жасап, 27000 теңгенің 17000 теңгесін пара ретінде алған.
«Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындамаса да, куәгерлердің берген мәліметтерімен және заттай дәйектермен толықтай дәлелденді. Сот үкімімен Е.-ге 4 жыл мерзiмге ішкі істер органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айырып, мүлкiн тәркiлеп, 3 жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», делінген хабарламада.
Сотталушы Е. сот залынан қамауға алынып, жазасын өтеу үшін оған түзеу колониясының жалпы режимі белгіленді.