$ 444.22  476.38  4.82

Ішкі істер қызметкерлері отбасы сайыстарынан сынға түсті

Өткен сенбі, 13 қыркүйекте Астанадағы «Тай-төбе» демалыс орнында ҚР ІІМ-нің жеке құрамы мен олардың отбасыларына арналған Отбасы күні мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті.

«Көңілді жарыстар», «Атқыш», «Менің отбасым» тақырыбында суретшілер байқауы, жағажай волейболы, салмақпен ең көп балық аулау» бойынша балық аулау байқаулары өтіп, әрқайсысынан жеңімпаздар анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары