$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда «Никольский» базары өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Алматының қақ ортасы – Байтұрсынұлы мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы «Никольский» базарын өрт жалмады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әзірге өрттің неден шыққаны, қалай пайда болғаны жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Бұл бейнебаянда өрт сөндіру қызметінің іске кіріскені байқалады.

Сондай-ақ, бұл маңайда саябақ пен Никольский шіркеуі орналасқан.

Айта кетейік, Алматыда соңғы уақыттары базарлардың өртену жайттары бір бұл ғана емес. Естеріңізге сала кетсек, былтыр жыл соңына қарай әйгілі «Барахолка» базары бірнеше рет отқа оранған болатын. Одан соң, осы қыркүйек айының басында да «Барахолкада» тағы бір мәрте өрт тұтанғаны белгілі болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары