$ 498.34  519.72  4.85

Былтыр СҚО-ның бір ауданында 42 өрт болып, одан 5 адам қаза тапқан

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданы аумағында болған төтенше жағдайларды талдау төтенше жағдайлардың басым бөлігі тұрмыстық және өндірістік өрттен болғанын көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

СҚО ТЖ департаменті Тайынша ауданының ТЖ бөлімінің мәліметінше, 2013 жылы 42 өрт болды, онда 5 адам қаза болды. 2014 жылдың ағымдағы кезеңінде 45 өрт болды, онда да 5 адам қаза тапты. Пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау, мас күйде төсекте темекі тартудан болған тұрмыстық өрттер жиілеп кетті.

Осыған байланысты 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Тайынша қаласы және селолық округтардің әкімдері өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру мен өткізуге көмектесуді қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімі оқушылар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша білім деңгейін жоғарылату мақсатында «Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету» пәнін оқытуды белсенді жүргізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары