$ 498.34  519.72  4.85

Астанада Сабантой өтеді

20 қыркүйекте Астанада Татарстан Республикасының мәдени күндері аясында «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда татарлардың ұлттық мерекесі – Сабантой өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Сабантой барысында Татарстанның ауыл шаруашылық әлеуетін көрсететін сауда-көрмелер ұйымдастырылады.

Сауда-көрмеге нан, шұжық, сүт өнімдері, балалар тағамы, ірімшік, жылыжай комбинатының қызанақ, қияр, көк шөп сияқты көкөністер және т.б. ауыл шаруашық өнімдері қойылады. Құс еті, қақталған қаз, үйрек еттері, ұлттық тағамдар, алкоголь өнімдері (шарап, шампан, арақ, аперетив, бальзам және т.б.) ұсынылады. Майонез, кетчуп, өсімдік майы сияқты май өнімдері мен бал шаруашығы өнімдерінің мол түрі сатылымға шығарылады. Астаналықтар аң терісінен жасалған тондар, ішіктер, бас киімдер, тіпті, шырша, кәдімгі қарағай (0,3 м), самырсын, балқарағай, көк шырша, емен (1-1,5 м) сияқты ағаштардың да жас талдарын сатып ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары