Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке – өзінің туған жері – Аршалы ауданында ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақмола медиа орталығының мәлімдеуінше, 2015 жылдың наурыз айында мемлекеттік қайраткер, әділ басшы, мықты азамат Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 100 жыл болады. Осыған орай, Аршалыда бірқатар шаралар легі жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Аршалы кентіндегі №3 орта мектебіне Жұмабек Тәшеневтің атын беру, мектепте мұражай ашу, бюст орнату, туған күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу, аудан орталығында Тәшенев атындағы көше бойында, орталық алаңда ескерткішін орнату.