Қазақстандық шекарашылар 7 центнер жағармайды заңсыз алып өтпек болған қырғыз елінің азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарынша, Жамбыл облысындағы«Мерке» жеке өткізу бекетіне қарасты «Айшабибі» өткізу-бақылау бекетінің шекарашылары кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып 700 литр жағармайды жасырын түрде елімізден қырғыз жеріне өкізбек болған 26 жастағы айырқалпақты азаматты ұстады.
Тексеру кезінде оның жүгі «Бішкек – Талас» бағытында келе жатқан автобустың багажына салынғандығы анықталды. Нақтырақ айтқанда, ол азамат әрқайсысы 200 литрден тұратын 4 бірдей бөшкені жарияламай-ақ, мемлекеттік шекарадан алып өтуге тырысқан.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, терегу амалдары жүргізілуде.