Талдықорғанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Қазақстан – Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның Қазақстандық бөлігінің төрағасы В.К. Божконың төрағалығымен комиссияның 11-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Беларусь делегациясын Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары М.И. Русый бастап келді.
Отырыс барысында өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, көлік және коммуникация, ғарыш саласы, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы екіжақты сауда-экономикалық іс-әрекеттер мәселелері кешені қаралды. Сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасын орындаудың бірінші жылғы қорытындысы шығарылды. Отырыс барысында екі елдегі кәсіпкерлер тобының қатысуымен бизнес-форум өтті. Алматы облысы кәсіпкерлерінің азық-түлік көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ жекелеген өндірістік және ауыл шаруашылық объектілеріне барды.
Отырыста екі мемлекеттегі кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы алдағы уақытта негізінде жаңа шарттарда – 2014 жылғы мамырда Астана қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы шарт аясында жүзеге асырылатын болады, ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.