$ 494.87  520.65  4.91

Астанада ТМД полицияларының кеңесі өтті

Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен ІІМ-нің/ТМД-ға мүше мемлекеттер полицияларының қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ІІМ-нің/ТМД-ға мүше мемлекеттер полицияларының кадрлық аппарат басшыларының кеңесі болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ұйым аясындағы ынтымақтастықта біздің мемлекеттеріміздің полиция органдарының алдында тұрған бірыңғай мақсаттар мен міндеттер басымдыққа ие. Жақында ғана Қырғыз Республикасында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері Кеңесінің отырысы осының айғағы. Отырыс қорытындысында бірқатар маңызды шешімдер, оның ішінде кадр және ғылыми жұмыстар саласындағы ынтымақтастыққа қатысты да шешімдер қабылданды.

Кеңес жұмысының барысында ІІО-ны реформалау процессінде кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіруге, кадрлық аппарат қызметін оңтайландыруға, кәсіби шеберлігі жоғары кадрларды дайындауды шешудің маңызды жолдарына және басым міндеттеріне, ТМД-ға мүше мемлекеттердің қазіргі жағдайда кадрлық әлеуетінің сапасын жетілдіру жолдарына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары