$ 444.32  473.33  4.76

Қытаймен шекарада толық жарақтанған қытайлық азамат ұсталды

Таңғы сағат бестің шамасында «Қорғас» заставасының аумағындағы бақылау жүйесі шұғыл қимылдың арқасында шекара бұзушы адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала тергеу кезінде оның қытайлық азамат екендігі, қытай тілімен қатар ағылшын тілін білетіндігі анықталды. Қойын-қонышынан ҚХР азаматының куәлігі табылды, ал қолындағы дорбасынан спирттік ішімдіктер, ұялы телефон, дүние жүзінің картасы бейнеленген блокнот, пышақ, көзілдірік, спорттық киім-кешектер мен азық-түлік шықты.

Қазіргі уақытта фильтрациялық іс-шаралар өткізілуде.

Осы күні еліміздің батысындағы Бейнеу шекара отрядына қарасты «Оазис» заставасының шекарашылары заңсыз түрде шекарадан өтпек болған өзбекстандық отбасы мүшелерін ұстады – (әкесі, шешесі, 19 жасар қызы мен 4 жасар баласы). Ұсталғандардың қолында ешқандай құжаттары болмай шықты.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, өткізу-бақылау бекеттерінде мемлекеттік шекараны жалған, өзге адамның құжаттарымен кесіп өтпек болғандар, сол сияқты елімізден кеткісі келмейтін шетелдік азаматтардың да кездескендігін атап өткен орынды:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша, яғни «ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз түрде кесіп өту» бабы бойынша – 40 адам;

- ҚР Қылмыстық кодексінің 325-бабы бойынша «Құжаттарды, штамптарды, мөрлерді, бланктерді қолдан жасау, дайындау. Жасанды құжаттарды қасақана қолдан жасау» бойынша – 235-тен астам адам  (жасанды төлқұжаттарды, шекараны кесіп өткендігі туралы жасанды штамптар, бөтен құжаттар);

- Әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 394-бабы «Келу тәртібін бұзу» бойынша – 8130-ден астам шетел азаматы (белгіленген уақытта елден кетуге асықпады).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары