$ 494.87  520.65  4.91

Шекарадан тоннаға жуық жүкті заңсыз өткізбек болған

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар бір тоннадай жүкті заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының шекарашылары мемлекеттік шекара режимін бұзғандарды ұстады.  

Нақтырақ айтқанда, шекара наряды шекара маңынан «ЗИЛ» автокөлігін анықтап, тексеру кезінде оған тиелген 3 тоннадай жүкті тапты. Құс еті салынған 90 жәшіктің бесеуі жерге түсіріліп, шекараның арғы бетіне өткізілуге дайындалыпты. Өздерінің жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін  инженерлік құрылғыларды кесіп, адам өтетіндей жол салыпты.  

Контрабандашылар шекара нарядын көрісімен қаша жөнелді.

Сондай-ақ, осы күні еліміздің батысындағы Орал шекара отрядына қарасты «Жайсаң – теміржол» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары халық тұтынатын 2 тонна жүкті жасырын әкетіп бара жатқан Қырғыз Республикасының үш азаматы мен Ресей Федерациясының бір азаматын ұстады.

Аталған жүк «Бішкек – Мәскеу» бағытындағы пойызды тексеру кезінде анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары