$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімі қалалық мемлекеттік тіл байқауларының жеңімпаздарын марапаттайды

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Алматы қаласының әкімдігі М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Фестиваль барысында Алматы қаласының әкімі А. Есімов Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттайды.

Сонымен бірге, мерекеде Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болады.

Алматы қаласында  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мәселен, түрлі салалар бойынша ресми іс қағаздарының үлгілерінің жинақтары шығарылып, оған өз бетінше қазақ тілінде іс жүргізу дағдыларын меңгеруге арналған электронды нұсқасы бірге беріледі.  20 саланы қамтыған іс қағаздарының үлгілерінің жинағы, орысша-қазақша тілдескіштер, терминологиялық сөздіктер шығарылды. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған «Балаларға базарлық» атты 2 аудиокітап, жасөспірімдер  үшін «Асыл сөз» атты қазақ қаламгерлерінің 5 әңгімесінен құрастырылған 1 аудио кітап шығарылды.  Оған қоса  3 дискіден тұратын қазақ тілін үйренуге арналған бейне құрал жарық көрді.

Тағы бір үлкен жоба – «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты мультфильмнің 85 сериясы жарық көрді. Қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер жинағы «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша шығарылды.

Жоба қазақ эпостарының желісінде түсірілген анимациялық фильмдермен толықтырылды. Жинаққа «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» мультфильмдері енген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары