$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Парламентін күзеткен полицей өз-өзін атып өлтірді

Төменгі палатаны күзетіп тұрған полицей жұмыс кезінде қызметтік тапаншасымен өз-өзін атып өлтірген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Парламент ғимаратының дәл ішінде болған қанды оқиға депутаттарды шошындырып отыр. Ал жаға ұстатарлық жәйттен соң маңызды стратегиялық нысандарды күзететін тәртіп сақшыларының жүйке жүйесі тексерілуде.

Мәжіліс ішінде суицидке барған жігіттің жасы 24-те екен.Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі арнайы полкта жұмыс істеген. Марқұм лейтенанттың өз-өзіне қол жұмсауына қызметтегі ауыртпалық, әлде отбасылық жағдайы себеп болды ма, бұл жағы әзірше белгісіз.

«Сондай-ақ, Ішкі Істер министрлігі дүйім жұртты дүрліктірген тағы бір қызметкерінің жұмбақ өлімін тексеріп жатыр. Бұл жолы 34 жастағы полицей келіншек Астанадағы «Алатау» кешеніндегі жаттығу залында қайтыс болды. Марқұм спортпен айналысамын деп өзін қатты қинап жіберген болуы әбден мүмкін», делінген телеарна сюжетінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары