$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс депутаттарына ресейлік маман темекімен күресудің жолын үйретті

Астана қаласында 2014 жылдың 15-17 қыркүйегінде ТМД бойынша ең озық болып танылған темекіге қарсы Ресей заңының авторларымен бірқатар кездесулер өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Темекісіз» қоғамдық қорының мәлімдеуінше, Тұтынушылар қоғамы халықаралық конфедерациясының (ТҚКонф) басшысы Дмитрий Янин денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сарапшыларына, мәжіліс депутаттары мен азаматтық сектор өкілдеріне темекімен күрес бойынша Ресей тәжірибесін таныстырды. 

Ресейдегі бестен астам шетелдік компаниялардың күшті айла-шарғысына және қысымдарына қарамастан, авторлар темекіге қарсы түзетулерді бекітуге қалайда қол жеткізіп, кейбір ұстанымдары бойынша Қазақстанды артта қалдырған. Темекі корпорациялары үшін Ресей нарығы әлемдегі ең үлкен нарық, ол 400 млрд.-қа жуық шылымды құрайды. Ал бүкіл Еуроодақ барлығы 600 млрд.-қа жуық шылым тұтынады. Қазақстан заңнамасымен салыстырғанда Ресейдің жаңа заңнамасының басты артықшылықтары – демеушілікке және сатуды ынталандыруға тыйым салу болып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары