19.09.2014, 09:02

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік тілге құрмет көрсетті

Сурет: primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» ұранымен шара өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, тілдер мерекесі қарсаңында мұнан басқа да бірқатар шаралар қолға алынған. Мереке күні министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде «Тіл – ұлт байлығы», «Бір шаңырақтың астында», «Тіл атадан қалған асыл мұра», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және т.б. тақырыптарда қазақ тіліне арналған тіл бұрыштары ұйымдастырылды.

Айтулы мереке Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аумақтық департаменттерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында да атап өтілді.