$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында апортты қайта қалпына келтіруге күш салынуда

Апорт – Алматы облысының мақтанышы. Оны қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар басталып та кетті, қазір барлығы 2000 га. жаңа бақтың орны дайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, өңірге 432 млн. доллардың азық-түлік өнімдері әкелінуде.

– Өзін өзі ең негізгі қажетті азық-түлік түрлерімен толығымен қамтамасыз ете алатын біздің облысымызға қазірге кезде 432 млн. доллардың азық-түлік өнімдері әкелінуде. Сондықтан да, импорт алмастыру үшін және ішкі қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда қолда бар кәсіпорындарды модернизациялау іске асырылып, ет-сүт және көкөніс өндірістері құрылатын болады, – деді ол.

Сондай-ақ, А.Баталов сүт қабылдау нүктелері ашылатынын да жеткізді.

– Жыл соңына дейін 32 бордақылау алаңын 12 мың (70% дейін) бас малмен толықтырамы, – деп атап өтті А.Баталов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары