$ 494.87  520.65  4.91

Сергей Кулагин «ұйқы басқан» Калачи ауылының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Сергей Кулагин Есіл ауданындағы Калачи ауылының тұрғындарымен кездесіп, осында салынып жатқан тұрғын үйлерді көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде Красногорскта 88 отбасын кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған. Осы мақсатта Калачи елдімекенінде екі пәтерлі 6 тұрғын үй салынып жатыр. Мұнан кейін аймақ басшысы, жергілікті мектепке барып, білім ошағының жұмысымен танысты, білім ошағына қарасты шағын орталықты көрді.

– Біз қандай да бір шара қолданбас бұрын мұндағы жұртты дүрліктіріп отырған ерекше құбылыстың себеп салдарын анықтап алуымыз керек. Алдағы уақытта қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдар шақырылады. Сондықтан, сіздердің пікірлеріңізді білу мен үшін маңызды, – деді аймақ басшысы.

Өңірге сапарын қорытындылаған аймақ басшысы Сергей Кулагин аудан әкіміне қыстыгүні елдімекенге барар жолды қардан тазалап отыратын техника жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасына Калачидегі дәрігерлік амбулаторияда тұрғындарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсету жұмысын үйлестіруді тапсырды. Сондай-ақ ауылдық мектепте оқулық жетіспеушілік мәселесін білім беру басқармасына бақылауға алып, тез арада шешуді жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары