$ 494.87  520.65  4.91

Елдегі ірі холдингтердің бірінің жаңа басшысы тағайындалды

«НҰР-Медиа» холдингінің жалғыз қатысушысы – «Нұр Отан» партиясының шешімімен Жанай Омаров холдинг директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ол 25 тамызға дейін ҚР Мәдениет вице-министрі қызметінде болған еді.

Ж. Омаров 1955 жылы 27 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді. Философия ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарды. «ҚР Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» ҚҚ үгіт-насихат тобы баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының ақпаратты-сараптамалық орталығының меңгерушісі, Президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының қоғаммен байланыс және баспасөз басқармасының меңгерушісі қызметтерінде болды.

Сонымен бірге, «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК (Қазақпарат)» АҚ, «Kazakhstan today» АА, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Казахстанская правда» АҚ-дарын басқарды.

Бүгінгі күнге дейін «НҰР-Медианы» басқарған Болат Берсебаев бұл қызметке жыл басында, қаңтар айында тағайындалған еді.

«NewTimes.kz» ақпарат агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, Б. Берсебаев енді «НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқармақ.

Айта кетейік, «НҰР-Медиа» холдингінің құрамына «Страна и мир», «Дала мен қала», «Айқын», «Литер», «Нұр Астана», «Известия-Казахстан», «Түркiстан» және «Казақстан теміржолшысы», сондай-ақ, «Астана» телеарнасы, FM жиілігіндегі «NS» және «Деловая волна» радиостанциялары кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары