Қазақстандық шекарашылар қазақ-өзбек шекарасында заңсыз жолмен мал айдап өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сарыағаш» шекара отрядына қарасты «Тамды» заставасының наряды қызмет барысында инженерлік құрылғылардың бұзылғандығын, жерге түскен мал іздерін анықтайды. Осылайша контрабандашылардың Өзбекстаннан біздің елімізге қарай заңсыз жолмен мал айдап өткендігі байқалды.
Жедел түрде ұйымдастырылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде шекарашылар мемлекеттік шекарадан бірнеше шақырымдай қашықтықта кетіп бара жатқан бір отар малды байқап, тоқтатады, санап жібергенде 800-ден астам кой болып шықты. Шекарашыларды байқаған мал айдаушылар көршілес мемлекеттің аумағына қарай қашып, жасырынды.