$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы жәрмеңкеде Жамбыл және Павлодар облыстары өз өнімдерін ұсынады

Алдағы демалыс күндері қалалық әкімдік алдындағы алаңда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Сенбі және жексенбі күндері (27, 28 қыркүйекте) Елорда тұрғындары мен қонақтарына Жамбыл және Павлодар облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, одан кейін 4-5 қазанда Астанаға Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері келеді деп жоспарланған.

Еске салайық, биыл ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Астанаға бірінші болып Алматы облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер келді. Олар жәрмеңкеде 450 тонна өнімнің 50 астам түрін сатылымға шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары