$ 494.87  520.65  4.91

Жалған ақшаны жылдам анықтайтын құрылғыны маңғыстаулық сарапшылар қолданбақ

Бұрын сарапшылар жалған құжатты 40 есе ұлғайтатын микроскоппен анықтайтын. Енді 174 есе ұлғайтатын құрылғыны қолданбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Маңғыстау облысының сот сараптамасы институтына құжаттардың түпнұсқалылығын анықтайтын, құны 7 млн. теңге тұратын заманауи «Регула» бейнеспектральды компараторы алынды.

Сарапшылардың айтулары бойынша, мұндай ұлғайту нағыз купюрадағы кез келген қорғаныш белгілерін: микромәтіндерді, акциздік маркаларды, голограммаларды, талшықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

— Жалған ақшадағы қосымша суреттер, өшірілген немесе боялған тұстары жылдам анықталады. Жұмыс әлдеқайда тез жүреді. Бұрын сараптамаға бірнеше күн кететін, қазір бірнеше сағат жетеді», — деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының құжаттарды сот-техникалық зерттеу жөніндегі бас сарапшысы Рая Іскендірова.

Сауатты сарапшы мен мұндай құрылғының көмегімен құжаттың түпнұсқалығы немесе жалғандығы 100 пайызға нақты анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары