30 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып беруді өтінген азамат Ақмола облысының полициясынан көмек сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Жігіт осы уақытқа дейін анасын іздеумен келген, бірақ таба алмаған.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, 31 жастағы ер адамның арызынан кейін «Іздеу» шарасы шұғыл түрде жүргізілді. Іздеу нәтижесінде әйел адамның жүрген жері анықталды. Ол 1986 жылы үш жастағы баласын күйеуіне тастап кеткен. Бала сол күннен кейін анасын көрмеген. Баласынан безген ана кейін Шешенстанға көшіп кетеді.
«Біздің қызметкерлер әйелдің кім екенін анықтады, ол 2000 жылы тегін өзгерткен болып шықты. Қазір Ресей Федерациясының Пятигорск қаласында тұрып жатыр. Полицейлер іздестіруден кейін бүкіл мәліметті, соның ішінде, әйелдің тұрып жатқан жері туралы ақпаратты оның ұлына берді», ‒ деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД өкілдері.