$ 498.34  519.72  4.85

Семейде үлгілі студент өз-өзіне қол жұмсады

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 3-ші курс студенті Мәди Анарбек жатақханада асылып өлген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға орын алардан студент сабақтан сұранып кеткен көрінеді. Кешкісін бөлмеге оралған көршісі оның өлі денесін дәретханадан тауып, көмек шақырған. Дәрігерлер келгенімен, тиісті көмек көрсете алмаған. Бүгінде бұл оқиғаға қатысты тергеу жүруде.

Өзіне қол жұмсаған жігіт ешбір хат қалдырмаған. Ал университет әкімшілігі студенттің мұндай әрекетке не үшін барғанын білмей отыр. Студент аталмыш оқу орнында мемлекеттік грант бойынша білім алған. Әрі оқу үлгерімі де жақсы болған.

«Студент сабырлы болатын. Сабақпен қатар спорттық жетістіктері бар. Біреумен ерегесіп жүргенін мүлде көрмейтінбіз», - дейді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің проректоры Бақыт Атантаева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары