$ 498.34  519.72  4.85

Отандық авиаторлар біліктілігін арттыруда

Бүгін Астана маңындағы авиациялық бөлімде оқу-жаттығу ұшулары болып өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу барысында авиаторлар ең төменгі биіктіктегі күрделі ұшуларды жүзеге асырып, тікұшақты әуеден өздері таңдаған нүктеге дәл қондырды. 
 
Бұл ретте, майор Марат Байғалиев пен капитан Дархан Көпбаев басқаратын «ЕС-145 Еврокоптер» экипажы үздік нәтижелер көрсетті. Оқу-жаттығу ұшулары кезінде экипаждар ұшу сағаттарын арттыру бойынша өз машықтарын жетілдірілді. Сондай-ақ, ұшу экипажы мен инженерлік-техникалық құрам шетелде теориялық және практикалық даярлықтан толығымен өткендігін атап өту қажет. 
 
Айта кетерлік бір жайт, «ЕС-145 Еврокоптер» тікұшағы «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» кәсіпорнында жиналады. Ол ТМД мен Орталық Азия аумағында осы тектес ұшақтарды шығаратын жалғыз зауыт. Бұл кәсіпорын отандық авиация саласын заманауи үлгіде дамытуға мүмкіндік береді.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары