Серік Ахметов үй қамауына алынды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, С. Ахметов 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ҚР Премьер-Министрі қызметін атқарған. 2014 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған. Кейін ол өз еркімен қызметінен кеткен болатын.