$ 498.34  519.72  4.85

Полицейді тістеген кемпірге түнгі клубтардың есігі жабылды

Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен зенейткерге үкім шығарылды, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 «Диапазон» газеті хабарлағандай, 76 жастағы Любовь Ящук дүкен маңында заңсыз көкөніс сатып тұрған азаматтарға көмектеспек болады. Себебі, бұл жерден оларды полиция қызметкерлері қуа бастаған көрінеді. Бұл «әділетсіздікке» шыдай алмаған әже тәртіп сақшыларының бірін иығынан ұрып, келесісін тістеп алған.

 Нәтижесінде Любовь Ящукқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал тәртіп сақшылары жәбірленуші тарап болып табылды. Сот 76 жастағы зейнеткерді қамауға алмай, оған 1 жылға шартты түрде бас бостандығына шектеу қойды.

«Сізге осы уақыт аралығында көңіл көтеретін орындарға баруға тыйым салынды», - деп түсіндірді айыпталушыға судья Перизат Атыбаева. Сот біткеннен кейін Любовь Ящук бұл үкіммен келіспейтінін жеткізді. Әрі ол полиция қызметкерлеріне тіркелмейтінін де атап өтті.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары