$ 498.34  519.72  4.85

Бюрократтардың саяси сауатсыздығынан ІІМ-і қызметкерлеріне айлық бере алмай отыр

Бүгінде ҚР ІІМ-нің 200 қызметкерлері өз жалақыларын ала алмай отыр, деп хабарлайды almaty.tv.

 

Аталмыш мекеменің медицина қызметкерлерінің жалақысы 53 мың теңгеден аспайды. Алайда олар осы ақшаны алмағына бірер айдың жүзі болған.

«Бізге еңбек демаласына шыққанда төленетін төлемақыны берілмей отыр. Мен қазан айында берілетін ақшаны тамызда алдым. Яғни біз еңбек демалысына төлемақысыз шығып жатырмыз. Тіпті бізге емделуге өтем ақы да берілмейді», ― дейді «Санаторий Қазақстан» АҚ меңгерушісі Елена Котова.

«Кредитім төленбегендіктен маған банк қызметкерлері күніне бірнеше рет телефон соғады. Кейбіреулеріміз қосымша жұмыс істеп жүрміз. Бізге зейнетақы қорына тиісті қаржы түспей жатыр. Демек біз бұл жерде заңсыз жұмыс істеп жүрміз», ― деп ашынады аталмыш мекеменің қызметкері Майра Әбдікаримова.

Мекеме қызметкерлеріне екі жылдан бері алуға тиісті ақшаларын кешіктіріп беріп отырған. ҚР ІІМ-не қарасты «Санаторий Қазақстан» АҚ-ның басшылығының айтуынша, олардың бұл жерде ешқандай кінәсі жоқ. Қаржының уақытында түспеу себебі соңғы уақытта министрліктерде болған өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.

Ал «Санаторий Қазақстан» АҚ-ның вице-президенті Ғабдулнұр Әбділмановтың хабарлауынша, қызметкерлерге төленетін тиісті қаржы осы аптаның соңында, немесе келесі аптады беріледі. Тек қызметкерлерге сабыр сақтап, күту қажет.

Өз кезегінде мекеме қызметкерлері  күтуге дайын. Алайда басшылық сөзінде тұрмаса, олар қарсылық ретінде жұмысқа шықпауға сөз берді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары