$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы уақытта Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ айтарлықтай өседі

2019 жылға қарай елімізде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,5 мың АҚШ долларынан 20,8 мың АҚШ долларына дейін артады. Бұл туралы бүгін парламент сенатында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика  вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 

«Болжам бойынша, 2015 жылы 4,8%-ды, 2016-2019 жылдары 5,3-6,7% аралығында болады деп жоспарлануда. 2015 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 43 721,3 млрд теңге көлемінде болады деп болжануда. 2019 жылға қарай елімізде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,5 мың АҚШ долларынан 20,8 мың АҚШ долларына дейін артады», – деп атап өтті вице-министр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары