$ 498.34  519.72  4.85

Қанат Ислам Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын

Головкинмен кездесу өткізудің шарттары белгілі болды, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Қанат Исламның промоутері Нельсон Лопес WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық титулдарының иегері Головкинмен кездесу өткізудің шарттарын атап өтті. Айта кетейік, Қанат Ислам бүгінде мықты боксшылардың тізіміне енген болатын.

«Чемпиондық белбеуге баратын жолымыз ұзақ болмайды. Геннадий GGG Головкинмен кездесу өткізуге келсек, біз оған чемпиондықты алған соң барсақ дейміз. Бұл үшін жұмыс істеудеміз. Бұл керемет кездесу болар еді. Сонымен бірге, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубына енгіміз келеді», – деді Нельсон.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нельсон Лопес Геннадий Головкинге Қанат Исламның қарсылық көрсете алатын боксшы екенін атап өткен болатын. «Қанат Ислам өте күшті және болашақта Геннадий Головкинге жақсы қарсылас болады. Мен тіпті былай айтар едім: «GGG, дайындал, біз келеміз!» Қанатты барлық ұйымдардың топ-тізіміне енгізуге болатынына күмән жоқ. Әрі ол әлемнің мықты боксшыларымен жұдырықтаса алады», – деген болатын Лопес.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары