$ 443.35  475.54  4.82

Боранда жоғалып кеткен екі адам іздестірілуде

Жоғалған адамдарды іздестіруге қолайсыз ауа райы кедергі болып отыр, деп хабарлайды  SkifNews.kz

«Жоғалып кеткен екі адам «Жанна» шаруашылығының қос жұмысшысы. Бүгін екінші күн іздестіріліп жатыр», – деп хабарлайды BNews.kz.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, 17 қараша күні кешке Қарасуық ауылдық округіне қарасты «Айтен» бөлімшесінен 7 шақырым жерде көмір тиелген Камаз көлігі сынып қалады. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек «Жанна» шаруашылығының қос жұмысшысы болған. Олар - 41 жастағы Жәнібек Омарбеков пен 29 жастағы Олег Белаш. Бірінші болып көмек шақыруға Ж.Омарбеков кеткен. Оның қайтып оралуын күтпестен О.Белаш та көмек іздеп кетеді. Нәтижесінде, екеуі де жоғалып кеткен.

«Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Іздеу жұмыстарына Екібастұз ТЖ гарнизоны бөлімінің жеке жасағы, жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінен және Екібастұз қаласы ІІБ мен Баянауыл АІІБ полицейлерінен жасақталған 19 адам, сондай-ақ Қарасуық ауылдық округінен 3 атты адам жұмылдырылды. Жоғалған адамдарды іздестіруге қолайсыз ауа райы - боран мен күшті жел кедергі болып отыр. Сондықтан іздеу жұмыстарына қосымша «ТРЭКОЛ» пен «ГАЗ-66» көліктері тартылды», – деп хабарлайды облыстық ТЖД-і.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары