$ 444.32  473.33  4.76

Алматы-Қорғас тасжолында 3 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасына себепкер – комбайн жүргізушісі, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 

Қарашаның 19-ынан 20-сына қараған түні «Алматы-Қорғас» тасжолындағы Сарыөзек ауылының маңында комбайн мен «Фольксваген пассат» автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл автокөліктің иесі мен көлікте отырған ер мен әйел адам оқиға орнында жан тапсырды. Ал көлікте отырған тағы бір әйел адам түрлі жарақаттар алған. Ол Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілген.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің жүргізген бастапқы зерттеулері бойынша, жол көлік оқиғасына кінәлі 56 жастағы комбайн жүргізушісі. Ол көлікті дұрыс басқара алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу ісі аяқталғанша комбайн жүргізушісінен «ешқайда кетіп қалмау жөнінде» қол хат алынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары