Оқыс жағдай Евразия көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде орын алған. Жас жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Полиция қызметкерлері мерт болған азаматтың кім екенін анықтаған. Ол 24 жастағы Зеленов ауданының тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшыларының жорамалдауынша, жас жігіт 12 қабаттағы терезеден секірген. Оған дәлел - осы қабаттағы сынған терезенің қалдықтары болып отыр. Әзірші бұл жағдайдың «өзін-өзі өлтіруге» әрекетіне жататындығы анықталып жатыр.
Тұрғын үй кешенінің 8 қабатында тұратын тұрғындардың айтуынша, оқиға орын алған қабатта орналасқан пәтерлердің бірі жалға беріледі екен. Осы жағдай болмас бұрын жастар пәтерлердің бірін жалға алып, тұрғындардың мазасын алған екен. Алайда, тәртіп сақшыларының пікірінше, бұл жағдайдың болған оқиғаға қатысы жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.