Камералар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қойылған. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан.
«Барыс зерттеушілерінің жолы болды. Осы жолы камера обьективіне бірден сирек кездесетін үш барыс түсті», − деп көрсетілген Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ) сайтында.
Айта кетерлік бір жайт, қазіргі уақытта барыстардың саны өте аз. XX ғасырда барыс Қызыл кітапқа енгізілген болатын. Әрі оларды аулауға тыйым салынған.