21.11.2014, 07:00

Қазақстанда үш банк ғана ұзақ мерзімді несие бере алады

Сурет, investrussia-2012.com

Елімізде тұрғын үйді  ұзақ мерзімге  жалға беретін банктердің саны азайып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

 «Ranking.kz» порталының хабарлауынша,  нарықта ипотелық несие беру 2010 жылдың ортасынан бері төмендеп келеді.  Соңғы 4 жылда ипотелық несие беру 9,1%-дан 7,5%-ке төмендеген. Ал тұтыну кредиті осы уақыт аралығында 11,7%-дан  21%-ға өскен.  Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердегі  ипотекалық несиенің жалпы соммасы 915,4 млрд. теңгені құраған.

 Айта кетейік, бүгінде Халық банк және Сбербанк, Центркредит банктері ғана ұзақ мерзімді несие бере алады.