$ 498.34  519.72  4.85

Әскери горнизондарда кенеттен тексеріс жүргізілді

Екі күндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 19 қарашаға қараған түні Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығы бойынша ҚР Қорғаныс министрі И.Н.Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйін тексеру мақсатында күтпеген тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды. Бұл іс-қимылдарға барлығы 3 мыңнан астам адам, 400 әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты.

 Екікүндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді. Әрі полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді пысықтау жүргізілді.

«Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша күтпеген тексерулерге негізделген түрлі іс-шаралардың үлкен кешенін өткізеді. Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», – дейді ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов.

 Бұл іс-шаралар әскерлерді жедел өрістеткен және жауынгерлік даярлық жоспары бойынша қолданған жағдайдағы материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, жеткілікті бар болуын және мұқтаждығын айқындау үшін маңызды.

 ҚР Қарулы Күштері алдағы уақытта Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығудың жалпы талдауы мен қорытындысын Бас штаб  Қорғаныс министрлігінің алқасында баяндайтын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары