ШҚО Тарбағатай ауданы прокуратурасының жедел тобы жалған құжаттармен көксерке балықтарын өткізбек болған бірнеше үлкен жүк автокөлік иелерін құрықтаған, деп хабарлайды SkifNews.kz
«Тарбағатай ауданы прокуратурасының жедел тобы мен полиция бөлімі «Омбы-Майқапшағай» тас жолының Боғас учаскесінде жалған құжаттармен Алматы облысына жалпы салмағы 52 тоннаға жететін көксерке балықтарын өткізбек болған 3 КАМАЗ автомашинасын ұстады», – деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.
«Тарбағатай АІІД аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Істі аудандық прокуратура қадағалауда», – деп мәлімдеді қадағалау органының баспасөз қызметі.