$ 448.15  483.46  4.86

2016 жылғы Олимпиада ойындарының талисмандары анықталды

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада талисмандары таныстырылды. Талисмандар жергілікті флора мен фауна бейнелерінен қалыптасқан, деп хабарлайды Lenta.ru.

Бразилиялық фауна бейнесі мысыққа ұқсайтын сары аң түрінде ұсынылған. Флора кейпінде – көк және жасыл түсті өсімдіктер. Әрі бұл өсімдіктен гүл мен ағаш бейнелерін байқауға болады.

 Енді Бразилия халқы талисмандардың есімдерін интернетте дауыс беру жолымен анықтайды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары