$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыда жолаушылар автобусы өртке оранды

Қарағандыда 013 бағытында жолаушылар тасымалдайтын микроавтобус өртенді, деп хабарлайды Казинформ.

 Оқыс жағдай дүйсенбі күні түстен кейін Бейбітшілік көшесінің №3 мектеп гимназиясының маңында орын алған. Зардап шеккендер жоқ.

Өртеніп кеткен микроавтобустың кондукторы Иван Татаевтың айтуынша, ол автобустан түтіннің иісі шыққан соң, жолаушыларды бірден аялдамаға шығарған.

Айта кетерлік бір жайт, автобустың салоны толығымен өртеніп кеткен. Көліктік неге өртке оранғандығын мамандар зерттеу үстінде.

Қалалық ТЖД болған оқиға туралы толыққанды ақпарат берген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары