$ 498.55  524.28  4.75

Сириядағы қазақстандықтар туралы видеороликке тыйым салынды

Қазақстанның бас прокуратасы ағымдағы жылдың 22 қарашада Интернет желісінде Сирия аумағында жүрген және террористік ұйымдар жағында соғыс әрекеттеріне қатысып жатқан қазақстандық азаматтар көрсетілген бейнероликті пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz аталмыш органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚР бас прокуратасының мамандары аталмыш видеоматериалды зерттей келе роликтің мазмұны террористік әрекетке қатысуды насихаттауға және ақтауға бағытталғанын көрсеткен. 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сай терроризмдi насихаттауға және ақтауға жол берiлмейдi. Әрі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес терроризмді насихаттауға тыйым салынған.

Осыған байланысты Бас прокуратура «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабының негізінде 2014 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне аталған роликке кіруді оқшаулау, сондай-ақ оны сот тәртібінде заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында таратуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым енгізді.

Уәкілетті орган осы прокурорлық қадағалау актісін орындау жөніндегі шараларды қабылдауда.

Осыған байланысты, Бас прокуратура құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау үшін азаматтарға жоғарыда келтірілген заңдардың нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әрі жоғарыда аталған роликті немесе оның жекелеген эпизодтарын таратудан бас тартуды ұсынады.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары