23 қараша күні сағат 17:00 шамасында Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласынан 10 шақырым жерде «ВАЗ-21213 Нива» маркалы көлік мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«28 жастағы жүргізуші мен оның үш жолаушысы балық аулауға шыққан. Олар таңғы сағат 8 шамасында Сергеевка су қоймасына келіп, жағадан 30 метр жерге тоқтайды. Түс қайта сағат бестің шамасында балықшылар көліктеріне отырып, орнынан қозғала бергенде, жүргізуші мұз үстінде жарықшақ пайда болғанын көреді. Көп ұзамай көліктің тұмсығы қалыңдығы 20 см құрайтын мұздың астына түсе бастайды. Ал судың тереңдігі 1,5 метрдей болған. Жолаушылар мен көлік иесі «Ниваның» артқы есі арқылы шығып үлгерді», – деп көрсетілген облыстық ТЖД-і таратқан хабарламада.
Шал ақын ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері хабар алысымен төрт балықшыны қауіпсіз жерге көшірді, олар медициналық көмектен бас тартқан.
24 қараша күні жеңіл автокөлік судан шығарылды.