$ 446.49  475.38  4.79

Қар тазалау бойынша мердігерлік ұйымдардың жұмысы қанағаттанарлықсыз – Ә. Жақсыбеков

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қаладағы қар тазалау жұмыстарының сапасына риза емес, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана әкімдігінің cайтына сілтеме жасап.

 Ә. Жақсыбеков аппарат жиналысында коммуналдық қызмет өкілдеріне ескерту жасады. Қала әкімі өткен аптада қар тазарту үшін қосымша жұмыс күші мен техниканы тарта отырып, тиісті мекемелерге ауа райының өзгеруіне дайын болуды тапсырған болатын. 

 «Қар тазалау тәсілі өзгермеген. Техника бұрын белгіленген маршрут бойынша жүреді. Таңертең кейбір көшелермен жүру мүмкін емес. Жалпы, қар тазалау бойынша мердігерлік ұйымдардың жұмысы қанағаттанарлықсыз», – деді Ә. Жақсыбеков. Ал Коммуналдық қызмет өкілдері болса, қар тиісті нормадан көп жауғандықтан, жұмыс көлемін игере алмай жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ,  Астана қаласының әкімшілік полиция басқармасы автокөлік иелеріне көшенің көлік жүретін бөлігіне машиналарды қойып кетпеуді және қар тазалаушы техникалар жұмысына кедергі келтірмеуді ескертеді..

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары