$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, жел күшейеді

26 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді. Ал республиканың батысында күн ашық болады деп күтілуде. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазқстан облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады деп болжанған.

Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ боладыБұған қоса, жақын күндері республиканың су нысандарында мұз түзілу процесі күшейіп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары