$ 446.49  475.38  4.79

Зорланған қыз өзіне қорлық көрсет азаматтарға кешірім жасады

Үш айыпталушы ауыр қылмыс жасап, заң алдында жауап беруден қашып жүрген. Жақында  олар өз еріктерімен тәртіп сақшыларынаберілген. Алайда зәбір көруші оларға кешіріммен қарады, деп хабарлайды жергілікті «Эврика» газеті.

Ағымдағы жылдың ақпан айында осы іс бойынша сот бірінші үкімді шығарды.

Сот материалы бойынша, Қопа кентінде 14 жастағы қызды 24 жастағы төрт жігіт зорлаған. Айыптаушы тараптың пікірінше, зәбір көрсетушілер қызды «егер болған жағдайды жақындарыңа айтатын болсаң, отбасыңа зияның тиеді» деп қорқытқан.

Зәбір көрген қыз өзіне қорлық көрсеткен азаматтардың бірімен әлеуметтік желілерде танысқан көрінеді. Кейін ол қызбен кездесуге келгенде өзімен бірге достарын да ала кеткен. Зәбір көрген қыздың айтуынша, олар оны көлікке күшпен отырғызып, ауыл сыртына алып кеткен. Кейін тергеуде белгілі болғандай, зәбір көрсеткен азаматтар қызды кезектесіп зорлаған.

Уақыт өте жоғарыда аталған азаматтар, ағымдағы жылдың мамырында қызға қайта келеді. Ол үйден шыққысы келмеген. Бірақ жігіттер оның телефонына хабарласып, «егер шықпасаң, терезеңе оқ атамыз» деп сес көрсеткен. Қорыққан қыз, олардың талабын орындауға келіседі. Кейін олар қызды ауыл сыртына алып кетіп, арам ойларын жүзеге асырған.

«Полиция қызметкерлері 4 айыпталушының біреуін ғана құрықтаған. Ал қалғандары қашып кеткен. Істі тергеу барысыныда тергеушінің бөлмесінен заттай деректер жоғалып кеткен. Алайда, тәртіп сақшылары бұл заттарды әлі күнге дейін кім алғанын анықтай  алмады. Айыпталушы тараптың қорғаушысы, зорлау факісінің болмағанын алға тартып отыр. Оның пікірінше, қыз өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен. Сонымен қатар, мамандар қыздың денесінен зорлауға тән элементтерді таппаған. Әрі қорғаушы айыпталушыға түнде  қыздың   өзі телефон соққандығын анықтаған. Кейін ол өз еркімен далаға шыққан. Ешкім оған қысым жасамаған», - делінген аталмыш газет жариялаған материалда.

Кейін белгілі болғандай, осы іске дейін зәбір көруші қыз жас жігітпен жыныстық қатынаста болған. Бірақ тараптардың бітімге келуіне байланысты іс жабылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары