$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан азаматы 1 тонна етті шекарадан заңсыз өткізбек болған

Қазақ-қырғыз шекарасында 45 жастағы азамат бір тонна етті заңсыз алып өтпек болған. Алайда құзырлы орган өкілдері бұл әрекетке жол берген жоқ.

 

«Еліміздің оңтүстігіндегі Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» заставасының наряды қырғыз жерінен елімізге бір тонна етті заңсыз өткізбек болған  қазақстан азаматын ұстады. Бір тонна етті отандамысыз «KIA» автокөлігімен алып өтуге тырысқан», – делінген хабрламада.

Ведомстованың хабарлауынша, аталған факті бойынша Жамбыл облысының Меркі аудандық құқыққорғау органдарына  тиісті ақпарат берілген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары