$ 519.57  612.78  6.61

Қазақстан ДСҰ-ға кіруге жақындай түсті

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) басшысы Роберто Азеведоның айтуынша, қазір ұйымға 160 мемлекет мүше. Енді  ДСҰ-ға 10 елді, оның ішінде Қазақстан мен Ауғанстанды кіргізу мәселесі белсенді талқыланып жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ДСҰ есебінде Роберто Азеведо Астанамен келіссөздер  аяқталуға жақын қалғанын, алдын-ала шешім келесі жылдың басында шығатынын айтқан.

Азеведоның айтуынша, Қазақстаннан кейін Ауғанстанның ДСҰ-ға кіру жайы шешіліп қалуы мүмкін. Бірақ, наурыз айында дайындалған келісім жобасы әлі толықтырылмаған және ол келісімге қол қою туралы келіссөздерді кейінге қалдырған.

ДСҰ-ға кіретін мемлекет тарифтердің төмендетілуіне және заңнамаларын импортер мен экспортердің құқықтары сақталатындай етіп ұйым ережелеріне сәйкес өзгертуге келісуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары