$ 449.58  486.94  4.86

Ресейде жолаушылар ұшақты итеруге мәжбүр болды (ВИДЕО)

Красноярскте жолаушылар ұшу-қону жолағына мұз болып қатқан Ту-134 ұшағын итерді, деп хабарлайды LifeNews.

Оқиға Красноярск өлкесіндегі Игарка әуежайында болды.

Өңірде соңғы күндері ауа температурасы 52 градус аязға дейін жеткен. Соның салдарынан Ту-134 шассиі аэродром жабындысында мұз болып қатуы ұшақтың ұшу-қону жолағына шығып, жылдамдық алуына кедергі болды.

«Лайнер аязда бір тәуліктен көп уақыт тұрып қалғандықтан, ұшу алдында оның тіректері жолақ жабындысына жабысып қалыпты», – дейді аэродром өкілдері.

Ұшақ бортында 70-ке жуық адам болды. Олар ұшақтан шығып, экипажға ұшақты орнынан қозғалтуға көмектесуге мәжбүр болған.

Ту-134 ұшағымен болған оқиғаның видеосы  Youtubе сайтына жүктелген. Болған оқиғаға қатысты адамдардың пікірі де әртүрлі. Кейбір интернет қолданушылар жолаушылардың («Ванкорнефть» вахташылары) үйіне қайту үшін жанкештілікке барғанын жазса, кейбірі «Ұшуды жақсы көрсең – ұшақты итеруді де ұнату керек» деген пікірде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары