$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз болады

Қазақстанда таяу күндері ауа температурасы –35 градусқа төмендейді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Жақын күндері Қазақстанның батыс облыстарынан өзге аймақтарда қар жауады. Солтүстікте секундына 13-20 метр болатын жел тұрып, оңтүстікте тұман, көктайғақ болады. Сондықтан қар жамылғысы қалыңдай береді. Алдағы екі тәулікте жаңбыр болмайды, түнде ауа температурасы 22-27 градус, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, оңтүстікте 10-20 градус суық болады», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары