Жаңалықтар 04.11.2014 сағат 04:13

Мұнайлы өңірде 46 жоба іске қосылады

Өңірде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 46 жоба іске қосылмақ. Бұл жобалар жүзеге асса, 432 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Венера Мұстапаева журналистермен кездесуінде мәлім етті. 

Биыл Маңғыстау облысына «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдар­ламасын жүзеге асыру үшін респуб­ликалық бюд­жеттен 1 816 617 000 теңге қаржы бө­лінген. Оның – 96,6%-ы толықтай иге­рілген. Инвес­ти­ция­лық жобалардың жартысынан астамы аудандардың еншісіне тиесілі. Қалған бөлігі облыс орталығында іске асы­рылмақ. Бағдарлама аясында алдағы уақытта Шетпе селосында – нан өнімдерін шығаратын цех, Маңғыстау ауданында жалюзи және эксклюзивті киімдер шығаратын цех іске қосыл­мақ. Сондай-ақ Түпқараған ауда­нында жиһаз өнімдерін дайындайтын цех жұмысын бастамақ. Ал Қарақияда құс фабрикасы мен тоқыма өнеркәсібі және шағын кондитерлік цех жан­дан­бақ. Мұнайлы ауданында заманауи талаптарға сай көлік жөндейтін және техникалық қызмет көрсету орталығы және Бейнеуде мектеп оқушыларына арналған барлық пәндер бойынша қо­сымша дайындау орталығы жұмысын бастамақ. Осылайша, Маңғыстау об­лысы бағдарламаны жүзеге асыру ісін­де көшбасшы аймақтар қата­рынан көрінбек.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болып отырған кәсіпкерлердің саны күн сайын артуда. Бизнестің жаңа бағытын іске асыру арқылы облыс орта­лығы Ақтау қа­ласында Батыс аймақта теңдесі жоқ, заманауи медициналық және емдеу-сауықтыру ор­талығын ашу жос­парлануда. Осылайша, облыста «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы шең­беріндегі жобалар бойынша 432 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр» дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқару­шы Венера Мұстапаева.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіп ашуды қолға алған ауылдық азаматтарға 200 млн.теңге шағын несие берілген. Соның нәти­жесінде 131 жұмыс орны құрылған. 

«Ауыл тұрғындарының «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағ­дарламасына қа­тысуы – олардың өз ісін ашуға және кеңейтуге, әл-ауқатын көтеруге өте тиімді серпін берді. Елі­міздегі жұмыссыздар санын азайту жолындағы түйткілді түйін­дерді шешетін мұндай бағдарламаларға кәсібін өркендеткісі келетін әрбір азаматтың белсене қатысып, мемлеке­тіміздің жасап берген қамқорлығын тиімді пайдалануға ұмтылғаны жөн» дейді  В.Мұстапаева.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар