$ 444.32  473.33  4.76

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары үш азаматты героинмен ұстады

Есірткі арналарын анықтау мен заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында жедел іздестіру шаралары барысында Маңғыстау облысының ІІД қызметкерлері құны 24 млн. теңге болатын 300 грамм героинді қолға түсірді, деп хабарлайды аталмыш ведомстованың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мұндай оқиға соңғы үш жылда бірінші рет тіркеліп отыр. 

Ақтау қаласында 1968 жылы туылған азамат 10 бума ге­роин­мен ұсталды. Ол бұған дейін де есірткі сатумен ұсталып, істі болған көрінеді. Полицейлердің оның танысынан да 17 бума геронді тапқан. 

«Сондай-ақ 47 жастағы Өзбекстан азаматын тексеру барысында 800 мың теңге ақша және қағазға оралған 38 грамм героин табылды. Оның Басқұдық елді мекеніндегі тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде одан да 20 бума есірткі және табылды. Барлық героиннің салмағы 300 грамм, құны – 24 млн. теңгені құрап отыр. Ұсталған үш азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде» дейді об­лыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас­шысы Әлия Шермағанбе­то­ва.  

Үш тұлғаға қатысты ҚР Қыл­мыстық кодексінің 259-бабы  бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Ол бойынша қыл­мыс­керлер 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айы­рылуы мүмкін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары