$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда топырақ опырылып, екі жұмысшы қайтыс болды

Фролов көшесіндегі коллекторда екі жұмысшы опырылған топырақ астында қалып, қаза тапты. Ал зардап шеккен тағы бір адам аман қалды,  – деп хабарлайды Kstnews.kz.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 27 қараша күні 15.00 шамасында болған.

Оқиға орнына жедел жәрдемнің төрт көлігі мен өртке қарсы қызметтің екі машинасы келді. Жұмысшылар жеті метр тереңдікте дәнекерлеу жұмысын жүргізген. Топырақ астында қалған жұмысшыларды іздеуге қызмет иттері пайдаланылды. Қайтыс болған жұмысшылар – 35 пен 38 жаста.

Төтенше оқиғаның нақты себебі анықталып жаты. Ал Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешко қауіпсіздік ережелері бұзылған деп мәлімдеді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, мердігер компания сақтандыру қалыбын бекітпеген. Жұмыстарды «Балқаш Трубомонтаж»  ЖШС жүргізген. Бас мердігер – «Аяз» ЖШС.

Қостанай облыстық ІІД мамандары аталған фактілер бойынша «Қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуы» бабымен қылмыстық іс қозғады. «Топырақ құлаған жерде төтенше жағдайлар департаментінің және Қостанай облыстық ІІД тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеді», – деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары